Жбб №9 орта мектептің соғыс, тыл ардагерлерге Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған төс белгісін табыстау мерекелік іс-шарасы

Жбб №9 орта мектептің соғыс, тыл ардагерлерге Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған төс белгісін табыстау мерекелік іс-шарасы

2015 жылы 29 сәуір күні  сағат 11.00-де соғыс, тыл ардагерлерге Ұлы Жеңістің 70 жылдық төс белгісін табыстауға арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға Балқаш қаласының кәсіпкерлік және өндіріс бөлімінің басшысы РЖ.К. Рахпанова, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Ш.Т. Журчинова, Ауған соғысының ардагері М. П. Абиев және Балқаш қаласының білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ж.С. Балапанова қатысты.  Бекітілген Балқаш қаласының 79 ардагеріне Ұлы Жеңістің 70 жылдық төс белгісі табысталды.

Мектептің І қабаттағы фойесінде 9 мамыр - Ұлы Жеңістің - 70 жылдығына арналған кітаптар және оқушылардың қолынан жасалған қөлөнер көрмесі қойылды.

Әскери киім киген жоғары сыныптың оқушылары мектептің дәлізінде  ардагерлерді қарсы алды. Ардагерге арналған мерекелік шарада «Алтынай» би тобы «Во поле березка» атты орыс халқының биін орындап, 5-6 сынып оқушылары соғыс жылдарындағы өлеңдер оқыды, 8 сынып оқушысы Абжалова Гүлім «Ана туралы баллада» әнін жүрекке жеткізіп орындады.

 Тыл ардагерлеріне оқушылардың арнайы қолдан жасалған гүлдері таратылып, кішігірім сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шараға денсаулығына байланысты келмей, төс белгісін алмаған ардагерлердің үйлеріне арнайы топ барып  төс белгіні, сыйлықтарды табыстап, құттықтап қайтты.

Дата: 29.04.2015, 11:40 Автор: №9 ОМ