Размер шрифта:

Ақпарат

Ақпарат

   Мектебімізде 18.10.24. күні Республика күніне орай «Даналық»  мектебінің «Абай әлемі» аталар мектебіменің қатысуымен, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  «ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мән-мағынасы өте үлкен. Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады», – демекші, туған-туыспен жақсы қарым-қатынас жасаудың бір әулеттің ғана емес, жалпы қоғамдық бірліктің берік болуына ықпалы зор. Ұлттық құндылықтарымыз – дініміз, тіліміз бен діліміздің ерекшелігі ретінде бірегейлігімізді айқындайтын рухани идеалдарымыздың жиынтығы.  Ендеше, имандылықтан бастау алатын, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атадан балаға беріліп, даналықпен дараланып, жалғасын тауып келе жатқан адамдық асыл құндылықтарымызды сақтай отырып, ұрпағымызды заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білім мен ғылымға, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелей алуымыз қажет екенін аталарымыз айтып өтті.

Date: 21.10.2024, 10:01 Author: School №9