Ақпарат
Мектебімізді 24.09.24 күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында ұстаздарға жиналыс өткізілді. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізді алаңдатып отыр, себебі оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап ететідігі айтылды. 2024 жылы 15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жұмыстарына тоқталды. «Заң және тәртіп құндылығына сәйкес алдын алу шаралары мен әлеуметтік жобалар жоспарланып, іске асырылуда: Олар
- «Буллингсіз әлем»,«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»,
- «Буллингтен қорған», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға»,
- «Өмірге салауатты қадам»
Біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларын, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне бағытталған әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді сапалы іске асыруымыз керек екені ескертілді. Бағдарлама шеңберіндегі маңызды іс-шараның бірі – қауіпсіздік сабақтарын енгізілді.Әр сынып сағаты аясында 10 минуттық «Қауіпсіздік сабағы» өткізілетіндігі ескертілді. Баршаңызды балалардың игілігі үшін бірігуге шақырамын. Біз берген білім мен тәрбие – балалар болашағының табысты болуының кілті.