№9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік жиынның ақпараты

№9 жалпы білім беретін  мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған  «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік жиынның ақпараты

Жалпы білім беретін №9 мектебінде түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 2023-2024 оқу жылындағы 24  түлектің жетістіктерін айтып ортаға шақырылды. Мерекелік жиынға «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ  әдіскерлік кабинет меңгерушісі  Айнабекова Ж.Б. қатысты. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды.Мектеп директоры Д.Жолдасова 11 сынып түлектеріне құттықтау тілегін арнап, үздік оқушыларды, қоғамдық жұмыс   белсенділерін марапаттады. Мерекелік жиында 1 сынып  бүлдіршіндері  түлектерге арналған тілектерін тарту етті.                11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, ұстаздарға  алғыс білдірді. Жиын соңында, соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып түлектеріне тапсырылды. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.

Дата: 27.05.2024, 11:25 Автор: №9 ОМ