Размер шрифта:

Ақпарат

Ақпарат
Қазақстан Рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында дүниеге келді. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына.  
 Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері – ештеңемен салыстыруға келмейтін нағыз өнер туындысы. Ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды әр уақытта айбар еткен бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» дегенді айтқан еді. Ал сол егемендіктің ең басты белгісі тәуелсіз ұлттың нышандары, тәуелсіздікті білдіретін мемлекеттің ұлы рәміздері болатын. Басқаша түсіндірсек, мемлекеттік рәміздердің өзі «тәуелсіздік» сөзін мәдени нышандар ұғымымен ұштастыратын синоним. Сондықтан да рәмізсіз тәуелсіз елдің болмайтыны анық. Әлемде мойындалған қанша мемлекет болса сонша рәміз бар, сол арқылы ғана біз дүниеде «терезесі тең» елдердің қатарын танимыз һәм өзімізді де өзгеге танытамыз. Жоспарға сәйкес мектебіміздің парламент ұйымы «Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» тақырыбында 5 сынып оқушыларына квест ойынын ұйымдастырды. Оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  кабинеттерге кіріп  ребус, крассворд, сұрақ-жауап, суреттер сөйлейді т.б тапсырмалар берілді. Соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.
Дата: 16.04.2024, 17:00 Автор: №9 ОМ