Террорлық шабуыл жасалған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпарат
2024 оқу жылының наурыз айының 26 күні «Мектепке террорлық шабуыл жасалды» атты тақырыбында төтенше жағдайлар туралы оқу-жаттығуы өткізілді. Қару ұстаған күдікті адамды бейне бақылаудан көрген күзет қызметкері дереу «Дабыл» тетіктерін басып, директорға хабар берді. «Дабыл» дыбысын естісімен кезекші мұғалім дереу хабарлау торабына барып, «БАРШАҢА!» ,«БАРШАҢА!», «БАРШАҢА!» мектепке террорлық шабуыл жасалды. Есіктерді ішінен жауып, барикада парталармен жасап, жасырынып отырыңыздар!» - деп хабар берді.
Барлық ұстаздар, оқушылар, қызметкерлер бөлмелерде барикада жасап, тыныштық сақтап отырды. Оқу – жаттығуға 41 мектеп ұстаздары, 11 кіші қызметкерлер қатысты, «Інжу» шағын орталығында-31 бала, 10 тәрбиеші қатысты. Қазақстан Республикасынын Білім министрінің 2022 жылгы 30 наурыздағы №117 бұйрығына,террористік тұрғыдан осал обьектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұскаулыққа сәйкес, террорлық шабуыл жасалған жағдайда Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 мектеп дайын.
Дата:
27.03.2024, 10:10 Автор:
№9 ОМ