Ақпарат

Ақпарат
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Қазақтың салт – дәстүрін насихаттау мақсатында Ұлы мерекеге орай 20.03.24 күні мектеп ауласында «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс- шара ұйымдастырылды. Оқушылар мерекелік концерт қойды. Спорттық ойындар ойнатылып, салт- дәстүрлер көрсетілді. Наурыз тойдың басты дәмі-наурыз көже тартылып, «Абай» әлемі аталар, «Асыл» әжелердің батасы алынды. Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын.
Дата: 20.03.2024, 15:50 Автор: №9 ОМ