«Ана- өмір шуағы»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Ана- өмір шуағы» атты мерекелік кеш ата-аналарамызға ұйымдастырылды. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана — барлық өмірдің бастауы.Әйел шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы тұрмыстың сәні мен салтанаты. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетсе, дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. 8 наурыз-халықаралық аналар мерекесіне оқушыларымыз, «Ұлағат» әкелер мектебі, өздерінің шығармашылықтарын көрсетті. Мерекелік кеш, келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.
Дата: 5.03.2024, 16:06 Автор: №9 ОМ