Ақпарат сынып сағаты
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 26.02.24 күні «Әке жолы – ізгі жол» әкелер айлығының жоспарына сәйкес 1-8 сыныптарда «Ұлттық ойын -ұлттық қазына», «Әке тірек, бала жүрек» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуымыз керектігі айтылып, сынып сағаттарында ойындар өтті. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын әр бала отбасынан алады. Отбасы әр жеке тұлға үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Бала әке өмірінің жалғасы,ізін басушы. Баланың қоршаған ортаға көзқарасын туғызып, жақсымен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу әкенің бұлжытпай орындайтын міндеттерінің бірі. Әсіресе әке тәрбиесі бала үшін ерекше орын алады. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол-әкенің қуанышы, бақыты.
Дата:
26.02.2024, 20:40 Автор:
№9 ОМ