«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу ақпараты

  «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында  кездесу ақпараты

Мектебімізде 12.02.24  күні кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына  35 жыл толуына орай «Ауғанның  отты жылдары» тақырыбында кездесу  ұйымдастырылды. Кездесугеауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер әскери бауырластық төрағасы Мухамедиев Бауыржан Мейірханұлы,  Әбиев Марат Фазылович және Тәжік - ауған соғысының ардегері Омирзаков Ергали Оразгалиевичқатысты. Кездесу барысында жастарға еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылу керек екенін айтып өтті.Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алды.Жиналған қауымға ұл-қыздар ән айтып,  өз өнерлерін паш етті.Қонақтарды мектеп директоры Д.Жолдасова Алғыс хатпен марпаттады. Енді ешқашан мұндай қасірет болмасын! Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту қылып, аман болайық!

Дата: 12.02.2024, 17:47 Автор: №9 ОМ