1-4 сыныптарда Жаңа жыл мерекесін өткізу ақпараты

1-4 сыныптарда  Жаңа жыл                                                                                   мерекесін өткізу ақпараты
Мектебімізде жылдың алғашқы қысы жаңа жыл мерекесін 1-4 сыныптардың арасында 27.12.2023 күні «Құтты болсын, Жаңа жыл» ертеңгілігі өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз-атаның, Ақшақардың, жаңа жыл қоянның, т.б ертеңгілік кейіпкерлерінің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату болды.Балалар жыл бойы күткен Аяз-ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. «Шырша», «Ұлу», «Қоян», «Түлкі», «Микки тышқандары» билерін билеп, тақпақ , өлеңдерін айтып, көрермендердің көзайымына айналып және ертегілер әлемінің басқада кейіпкерлері жиналды. Балалар үшін ертегі қойылымдары ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерге тәттілер таратылды. Жаңа жыл - құтты жыл болсын!
Дата: 27.12.2023, 14:30 Автор: №9 ОМ