«Қазақстанның ең басты құндылығы- Ел Тәуелсіздігі» тәрбие сағатының ақпараты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығы қарасаңында жеке тұлғаның бойына ұлттық патриоттық сезімді қалыптастыру,Отанға, жерге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру мақсатында «Қазақстанның ең басты құндылығы- Ел Тәуелсіздігі» тақырыбында 14.12.23 күні ашық тәрбие сағаты 4 «Б» сыныбында өтті.Тәрбие сағатына 1986 жылдың қайғылы желтоқсан оқиғасындағы көріністің куәсі болғанмектеп директоры Д. Жолдасова шақырылды. 4 «Б» сынып оқушыларынан құрылған үгіт насихаттау тобы ақпарат беріп, желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерін айтты. Келген қонақтар бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді.
Дата: 14.12.2023, 12:30 Автор: №9 ОМ