«Әке көрген- оқ жонар» атты ұлттық ойын
21.11.23 күні мектебімізде «Даналық» мектебінің «Ұлағат» әкелер мен «Қыран» ағалар ұйымының қатысуымен «Әке көрген- оқ жонар» атты ұлттық ойын 7 сыныптар арасында өтті. Ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беріп, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әр сыныптан 1 оқушы әкесі, ағасымен қатысып, ұлттық ойындар қол күрес, арқан тарту және асық ату ойындарынан жарысты. Нәтижесінде жүлделі орындармен марпатталды. Әкенің ұлға беретін тәрбиесін басқа әке, не басқа институт бере алмайтынын қазақ халқы әуелден білген. Әкенің ісі – ұлға өнеге. Сондықтан «Әке көрген – оқ жонар» дейді бабаларымыз.
Дата: 22.11.2023, 8:44 Автор: №9 ОМ