«Әке көрген- оқ жонар» атты ұлттық ойын

«Әке көрген- оқ жонар» атты ұлттық ойын

21.11.23 күні мектебімізде «Даналық» мектебінің «Ұлағат» әкелер мен «Қыран» ағалар ұйымының қатысуымен «Әке көрген- оқ жонар» атты ұлттық ойын 7 сыныптар арасында  өтті. Ата – бабамыздан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беріп, балаларды бірін – бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әр сыныптан 1 оқушы әкесі, ағасымен қатысып, ұлттық ойындар   қол күрес,  арқан тарту  және асық ату ойындарынан жарысты. Нәтижесінде  жүлделі орындармен марпатталды. Әкенің ұлға беретін тәр­биесін басқа әке, не басқа институт бере алмайтынын қазақ халқы әуелден білген. Әкенің ісі – ұлға өнеге. Сондықтан «Әке көрген – оқ жонар» дейді ба­баларымыз.

Дата: 22.11.2023, 9:44 Автор: №9 ОМ