Сенбіліктің өткізілуі туралы ақпарат
16 қыркүйекте халықаралық «Дүниежүзілік тазалық күні» қоқысты сұрыптау және қайта өңдеуге жіберу мәдениетін насихаттауға бағытталған акциясын қолдап, мектебімізде сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп әкімшілігі, ұстаздар қатысыты.Мектеп айналасын қоқыстан тазалап, ағаштардың түптері әктеліп, қопсытты. Науқанның негізгі міндеті – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару.Тазалық болмай қоғамның салауатты бола қоюы да екіталай. Сол үшін тазалықты сақтауда тек тиісті сала жұмысшылары ғана әрекет етпеуі керек. Себебі, қала тазалығы үшін тұрғындардың барлығы да жауапты әрі қоршаған ортаны қорғау, оны ластамау - әрбір адамзат баласының азаматтық борышы. Сенбілікке мектеп ұжымы бір кісідей ұйымшылдықпен қатыса білді.