Ақпарат

Ақпарат

     31 мамыр саяси қуғын-сүргін  және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған жиынға 6- сынып оқушылары қатысты.  Сол бір зұлмат күндерге ойша орала берудің өзі жүрекке жүк санаға салмақ түсіреді. Ондай азапты да, ауыр шақ енді қайталанбасын. Келер ұрпақ кемелді кезеңнің қызығына өз еңбектерімен, білім-ғылымымен, күш-жігерімен жетсін. Отанымыз-Қазақстанның болашағы барыс бейнелі баянды тірлігімен талайды тамсандырса – бізі үшін басты қуаныш та сол болмақ. Бүгінгі ұрпақ нәубет жылдары Отанына деген кіршіксіз адалдығын сақтап, қандай қиыншылықты да қайыспай көтере білген қаранар тұлғалардың, есіл ерлердің жарқын бейнесін мәңгі ұмытпайды.

Дата: 29.05.2023, 14:07 Автор: №9 ОМ