«Экстремизмнен сақтан!» викторинасының ақпараты
17.04.23 күні «Экстремизмнен сақтан!» викториналық сайыс өткізілді. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттілігі айтылды.
Діни-саяси экстремизммен қоғам да, мемлекет те күресуі керек. Әрине, бұл күрестің әдістері оларда әртүрлі. Егер, мемлекет экстремизмнің туындауына жағдай жасайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жойып, экстремистердің заңға қайшы әрекеттеріне тосқауыл қойса, қоғам экстремистік идеялар мен үндеулерге саяси және ұлттық діни толеранттылықты және азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қолдауы қажетекнін ескертті.