«Армысың, әз-Наурыз!» ертеңгілік ақпараты

«Армысың, әз-Наурыз!»  ертеңгілік ақпараты

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.  Қазақтың салт – дәстүрін насихаттау мақсатында Ұлы мерекеге орай16.03.23 күні1-4-сыныптарда  «Армысың, әз-Наурыз!» ертеңгілігі өтті.  Оқушылар  мерекелік концерт қойды. Спорттық ойындар ойнатылды. Наурыз тойдың басты дәмі-наурыз көже тартылып, ауыл ақсақалдары мен ақжаулық аналардың батасы алынды.Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын.

Дата: 17.03.2023, 15:03 Автор: №9 ОМ