«Бала және Бағдаршам» жобасы аясында өткізілген іс- шаралар ақпараты

«Бала және Бағдаршам» жобасы аясында өткізілген  іс- шаралар ақпараты

02.03.23 күні«Бала және Бағдаршам» жобасы аясында Балқаш қаласы  ЖПКБ ЮПТ  учаскелік полиция аға  лейтенанты  Нұрбек Аян Алтайұлы   №9  мектептің оқушыларымен кездесу жиынын өткізді. Тәрбие сағатында балаларға барынша түсінікті ету мақсатында инспектор жол ережесіне арналған суреттерді көрсету арқылы ақпараттар беріп, балалардың жолда жүру ережесін есте сақтап қалуына, жол белгілерінің неше түрі бар екенін, оны не үшін білу қажеттілігіне тоқтап, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға шақырды. Бұл іс-шараның жалғасы әлі де жүргізіле беретін болады.

Дата: 15.03.2023, 16:47 Автор: №9 ОМ