«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге" атты салтанатты жиын
07.03.23 күні Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесіне арналған
«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге" атты салтанатты жиын болып өтті. Жиында мектеп директоры Д.Жолдасова , құттықтау сөз сөйледі. Әріптестеріміз құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды. «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Рахимбеков Баржан Оралұлы, мектебіміздің түлегі Сәкенов Ерсұлтан ұстаздармызды құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс – құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Дата:
7.03.2023, 16:13 Автор:
№9 ОМ