Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысының ақпараты

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысының ақпараты

22.02.23 күні сынып жетекшілер әдістемелік  бірлестігінің кезекті отырысы болды 1-11 сыныптың сынып жетекшілері толықтай қатысты. Күн тәртібінде бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі "Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас" және  Буллинг және кибербуллинг тақырыптары қарастырылды. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сагимбекова Д.Р.  психолог Сатимбекова Р. сынып жетекшілерді әр түрлі жағдаяттар ұсынып,  оны шешудің жолдарын кеңінен жан-жақты қарастырып, ұсыныстар айтты. Психолог  буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталатынын айтып өтті. Озық тәжірибелі сынып жетекшілер жас буын сынып жетекшілерге өз тәжірибелерінде бар жағдаяттарды ортаға салып, оларды шешуде педагогикалық кәсіби шеберліктің үлкен маңызы бар екендігін ерекше атап өтті.Оқушы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысын алдыңғы орынға қоятын мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілердің жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз!

Дата: 23.02.2023, 15:30 Автор: №9 ОМ