Сынып жетекшілердің отырысы

Сынып жетекшілердің отырысы

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің іске асырылуы, тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша 01.02.23 күні  сынып жетекшілер отырысы ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер ата-аналармен, оқушылармен IІ тоқсанда  жүргізілген жұмыстарын қорытындылап, IIІ тоқсанда ұйымдастырылатын тәрбиелік іс- шаралар, патриотизм мен азаматтық, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша басымдылық жасайтындарын атап өтті.Кәмелетке толмаған, құқық бұзушылық жасаған оқушылармен жасалған жұмыстарға Ж.Төлеген тоқталып өтті.Оқушылармен қауіпсіз мінез - құлық мәселелері бойынша жасалған іс- шараларға есеп берілді.  Мектеп психологі Р.Сатимбекова сынып жетекшілерге  буллингке кез келген сыныптағы оқушылар ұшырауы мүмкін.   Көбіне бастауыш сынып оқушылары арасында кездеседі.Қысым көрген оқушының мінезі, ойлау жүйесі, сырт келбеті немесе қандай да бір себеппен "командаға сыймайтындай" ерекшелігі болуы мүмкін екенін ескертті.

Date: 2.02.2023, 15:36 Author: School №9