№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 10-11 сынып қыздарымен «Қыздар қауымы қандай болу керек?» тақырыбында өткізілген психологиялық іс-шараның ақпараты
№9 жалпы білім беретін мектебінде 10.01.23күні мектеп психолгі 10-11сынып қыз балаларымен «Қыздар қауымы қандай болу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қыздарға кеңестер айтылды. Қыздардың бойында қызға тән мінез – құлық, әдеп ережелері туралы ұғым қалыптастыру мақсатында жаттығулар орындалып, пікірлері тыңдалды. Өзін – өзі тәрбиелеу, өз-өзіне жауапкершілікпен қарау мүмкіндігін дамыту үшін «Қадір – қасиет» жаттығуы орындалды. Бұл іс-шарада оқушылар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді.Қыздар пікіралмасуға белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті.
Мектеп психологы: Сатимбекова Р.М.