1-4 сыныптарда Жаңа жыл мерекесін өткізу ақпараты

1-4 сыныптарда  Жаңа жыл   мерекесін өткізу ақпараты
Мектебімізде жылдың алғашқы қысы жаңа жыл мерекесін 1-4 сыныптардың арасында 28.12.2022 күні «Кел билейік, Жаңа жылмен бірге!» ертеңгілігі өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз-атаның, Ақшақардың, жаңа жыл қоянның, т.б ертеңгілік кейіпкерлерінің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату болды.Балалар жыл бойы күткен Аяз-ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. «Шырша», «Ергежейлілер», «Сайқымазақтар», «Аяз-аталар», «Микки тышқандары» билерін билеп, тақпақ , өлеңдерін айтып, көрермендердің көзайымына айналды.Тәттілерге ие болды.Жаңа жыл - құтты жыл болсын!
Дата: 28.12.2022, 17:18 Автор: №9 ОМ