«Балауса» қыздар ұйымының «Жақсы қыз - жағадағы жұлдыз» тақырыбындағы жиналысының ақпараты
Мектебімізде 21.11.22 ж күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Сагимбекова «Жақсы қыз - жағадағы жұлдыз» тақырыбында 5-6 сынып қыздарымен жиналыс өткізді. Жиналыста қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы жайлы айтылды. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу,қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.
Дата: 21.11.2022, 15:51 Автор: №9 ОМ