«Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын ақпараты
21 қазан күні мектебімізде Республика күні – ұлттық мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Мектеп директоры оқушыларға білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін құттықтады. Жиында Республика күнінің қалыптасу тарихы атап айтылып, 5-6-7 сыныптың үздік оқушылары салтанатты түрде «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Оқушыларымыз атаулы күнге арнаған әсем ән мен өлеңдерін оқыды. 1-11 сыныптарда «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Бейбітшілігіміздің,махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ. Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында.