Еңбек күні салтанатты жиын ақпараты

Еңбек күні салтанатты жиын ақпараты

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Мереке еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға, өнімді жұмысты ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттауға және жұмысшы әулеттердің ежелден қалыптасқан дәстүрлерін нығайтуға және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсінуге бағытталған. Еңбек күні - бұл еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін жарқын мереке. Осы мерекеге орай  26.09.22 күні мектебімізде мерекелік жиын өтті. Мектеп директоры Д.Жолдасова құттықтау сөзімен бастап , Алғыс хат, мерекелік сыйларын табыстады. Оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп, құттықтауларын білдірді.

Дата: 26.09.2022, 15:10 Автор: №9 ОМ