Жбб № 9 мектептің террорлық шабуыл жасалған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы Ақпарат
2022 оқу жылының қыркүйек айының 15 күні «Мектепке террорлық шабуыл жасалды» атты тақырыбында төтенше жағдайлар туралы оқу-жаттығуы өткізілді. Қару ұстаған күдікті адамды бейне бақылаудан көрген күзет қызметкері дереу «Дабыл» тетіктерін басып, директорға хабар берді. «Дабыл» дыбысын естісімен кезекші мұғалім дереу хабарлау торабына барып, «БАРШАҢА!» ,«БАРШАҢА!», «БАРШАҢА!» мектепке террорлық шабуыл жасалды. Есіктерді ішінен жауып, барикада парталармен жасап, жасырынып отырыңыздар!» - деп хабар берді.
Барлық ұстаздар, оқушылар, қызметкерлер бөлмелерде барикада жасап, тыныштық сақтап отырды. Оқу – жаттығуға 1 ауысымда 376 мектеп оқушылары, 51 мектеп ұстаздары, 15 кіші қызметкерлер қатысты.
Дата: 15.09.2022, 14:58 Автор: №9 ОМ