«Қоғамға қауіпті төндіретін ұйымдармен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел ақпараты
Мектебімізде 13.09.2022ж. күні 9- сыныптар арасында «Қоғамға қауіпті төндіретін ұйымдармен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі Г.Токбулатова Аталған іс-шараның мақсаты: Діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Сонымен қатар,әртүрлі діни ағымдар мен секталардан қорғану шараларын жүргізу.Оқушылар әлемдік деңгейдегі ғасыр дертіне айналған экстремизм мен терроризм тақырыптарында жан-жақты талқылап, ойларын ортаға салды.Дөңгелек үстел барысында викториналық сұрақтар,ой толғау,бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар өз ойларымен,жеке пікірлерімен белсенді түрде бөлісті.
Дата: 15.09.2022, 14:33 Автор: №9 ОМ