«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын

«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында  салтанатты жиын
Жалпы білім беретін №9 мектебінде 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында Балқаш қалалық мәслихатының хатшысы Муслымов Ахат Кадырович , Білім бөлімінің Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы Айтжанова Бақыт Сүндетовна, «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Рахимбеков Баржан Оралұлы қатысты. Мерекелік жиында мектеп директоры Д.Жолдасова бүлдіршіндерді құттықтау сөзімен бастап, өткен оқу жылының жетістіктеріне тоқталды. Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті.Алғаш мектеп ұясына енгелі отырған бүлдіршіндерімізге қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарың оң болсын, Қазақстанның бетке ұстар беделді азаматы болып өсіңдер! деген үмітпен алтын ұя мектебіміздің табалдырығын аттады. @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие
Дата: 1.09.2022, 11:57 Автор: №9 ОМ