«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзектендіріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрыққа өзгерістер енгізуде, оған сәйкес білім басқармасы облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады. Құрметті ата-аналар! Жаңа 2022-2023 оқу жылына жолақтарсыз, торсыз, шотландкасыз қою көк түсті мектеп формасын сатып алуға кеңес береміз. Мектеп формасына орта білім беру ұйымдарының айырым белгілерін (эмблема, жапсырма, шеврон және т. б.) орналастыруға рұқсат етіледі. Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады. Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігіледі.
Дата: 1.08.2022, 12:28 Автор: №9 ОМ