«Рәміздер- елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыбында өткізілген байқау ақпараты
26.04.2022 күні № 9 жалпы білім беретін мектебінде «Рәміздер- елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыбында 6- сынып оқушыларымен байқау өтті.
Мақсаты: Оқушылардың елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.
Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт- санасын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін маңызды ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеп қарау бәріміздің парызымыз болып саналатыны айтылды. Байқау үш кезең арқылы ұйымдастырылды. Оқушылар қызығушылықпен жауап беріп, белсене қатысты.