№9 жалпы білім беретін мектебінің 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесіне арналған іс-шаралар ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінің 8 наурыз – Халықаралық аналар мерекесіне арналған іс-шаралар ақпараты
Мектебімізде 07.03.22 күні 8 Наурыз халықаралық аналар, қыздар мерекесіне орай 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.Ол 8-наурыз мерекесі.Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар, қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Дата: 7.03.2022, 11:38 Автор: №9 ОМ