№9 жалпы білім беретін мектебінде жол жарақатын алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар ақпараты.
«Жол дос көмекке асығады» жол жарақатын алдын алу мақсатында мектебіміздің Жас жол инспекторлары ақпараты –насихаттау тобымен бірлесе отырып, «Жүргінші – абайла! Баланың қауіпсіздігі сенің қолыңда!» ұранымен 1-4 сыныптарға ақпараттар берді. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету; жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру; барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Дата: 17.02.2022, 13:50 Автор: №9 ОМ