«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысының ақпараты

«Алтын жүрек анамыз» атты   мәнерлеп оқу сайысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде  4.02.22күні«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Алтын жүрек анамыз» атты  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 2-4 сынып оқушылары қатысты. Жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі  жылы жанды көреді.Ол – Ана.Ана  деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ екенін, оқушылар өлең жолдарымен жеткізе білді.Байқау соңында оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.

Дата: 4.02.2022, 15:16 Автор: №9 ОМ