«Мәңгі қазақ жері – ұлы дала елі» тақырыбында мерекелік концерт ақпараты

«Мәңгі қазақ жері – ұлы дала елі» тақырыбында мерекелік концерт ақпараты
2021жылдың 15 желтоқсаны күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығын тойлау аясында «Мәңгі қазақ жері – ұлы дала елі» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры оқушыларға білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін грамоталар мен алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар мектебіміздің «Ұлағат» әкелер клубының төрағасы Рахимбеков Баржан Оралұлына бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс жариялады. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!!!
Дата: 15.12.2021, 13:16 Автор: №9 ОМ