«Мен өмірді сүйемін, басымды саған иемін» қыздар жиналысының ақпараты
Мектебімізде мектеп психологы: Садуакасова Ф.Ж 10.12.2021 күні 7 - сыныптарда қыздар жиналысын «Мен өмірді сүйемін, басымды саған иемін» тақырыбында өткізді. Жиналыста «Өмірге бағыт» байқау тестті арқылы қыздарға ұлы тұлғалардың суреттері беріліп, оның өзіне үлгі, өнеге боларлық ісі, мінез-құлқы туралы әңгімелеп берді. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» психологиялық ойын өткізілді. Бұл ойында оқушы алдында екі орындық қойылып,оқушы өз сыныбындағы бір оқушының жақсы-жаман қасиеттерін айтты. Ойын барысында «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде», «Қызғаншақтық–таяз ақылдың белгісі» деген мақалдарды ұстанды. Жиналыс соңында өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылды.
Дата: 10.12.2021, 15:08 Автор: №9 ОМ