«Этикет негіздері. Жақсы сарын ережелері туралы» пікірталас ақпараты
19.11.21 күні «Этикет негіздері» тақырыбында 2-4 сыныптарда пікірталас өтті. Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйретуге, ұстамдылыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Оқушылар пікірталасқа белсене қатысып өз ойларын ортаға салды.
Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болатындығын айтып өтті.
Дата: 19.11.2021, 8:31 Автор: №9 ОМ