Адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі дәріс ақпараты

Адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі  дәріс  ақпараты

19.11.21 күні мектеп медбикесі 1-4 сынып оқушыларына  «Менің денсаулығым – менің болашағым»  тақырыбында дәріс оқыды. Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасуда. Денсаулықты сақтау мен  жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болу керек екенін айтып өтті.Салауатты өмір салтын ұстанатын, мықты денсаулықты, болашағы жарқын ұрпақ болу үшін денсаулықты сақтаудың қырларын білуге үйрену керектігіне тоқталды. Мінеки, оқушылар, бақыт, байлық барлығы да айналып келгенде сенің денсаулығыңа байланысты болып келеді екен.Менің денсаулығым – менің болашағым деп тек қана ауызбен ғана айтып қоймай, бірден іске көшіп, болашақ халықтың бағы үшін барлығымыз атсалысуға шақырды.

Дата: 19.11.2021, 9:28 Автор: №9 ОМ