Кездесу ақпараты

Кездесу ақпараты
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында 19 қараша Халықаралық әйелдер кәсіпкерлігі күніне орай №9 жалпы білім беретін мектебінде өңірімізде жетістік пен табысқа жеткен адамдардың өмірін насихаттау және кәсіби бағдар беру мақсатындағы «Өнегелі өмір» жобасы аясында 7б сынып оқушылары мен ZOOM платформасы арқылы «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты тақырыпта оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін өз ісінің маманыны – кәсіпкер Чиякова Анар Айткалиевамен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға Чиякова А.А өмірді сәнді де салтанатты, мәнді де мағыналы ететін еңбек екені айтып, өмірлері еңбек майданында қайнаған қажырлы аналарымыздың қайратын жас жеткіншектерге үлгі ету біздің міндетіміз деп санап кәсіп саласында еселі еңбегімен танылған аналарымыздың жылы лебіздерін, өздері туралы жақсы әңгімелеріне тоқталып кетті.Оқушылар кездесуден үлкен әсер алып ойларымен бөлісті. #Qazaqstan30
Дата: 18.11.2021, 15:36 Автор: №9 ОМ