«Адам құқығы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел ақпараты

«Адам құқығы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел ақпараты
2021 жылдың 11 қараша күні Республикалық «Бала құқығы – адам құқығы» айлығының аясында «Адам құқығы» тақырыбында №9 ЖББ мектебі, №15 лицей, Абай атындағы №2 лицейдің «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелерінің арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге психолог Айсұлу Ғалымқызы қатысты, сөз барысында Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды екеніне тоқталды. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керек екенін атап өтті. Дөңгелек үстел басында ең өзекті мәселелер: бала құқықтары туралы, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзін-өзі ұстау туралы мәселелер қаралды. Дөңгелек үстелге барлық қатысушылар белсенді түрде қатысты.
Дата: 12.11.2021, 18:42 Автор: №9 ОМ