Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай өткізілген іс-шара ақпараты

Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай өткізілген іс-шара ақпараты
2021жылдың 05-қазаны күні №9 жалпы білім беретін мектебінде ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы тарих айнасында» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Ү.С.Әбдіғаппар 10-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Қазақ жырауларының сарқыны ретінде бүкіл шығармашылық ерекшеліктерін бойына сіңірген дана жыршы – Жамбыл мұрасын тұтастай алып қарастырып, өз жырларында бүкіл батырларды түгендеп шығуы Жамбылдың халықтық ақын екенін, халық шығармашылығының қайнары екенін айқындайтындығы туралы айтып өтті.
Дата: 6.10.2021, 9:14 Автор: №9 ОМ