№9 жалпы білім беретін мектебі «Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналысы

№9 жалпы білім беретін мектебі «Жас қыран» ұлдар ұйымының  жиналысы
Мектебімізде 20 қыркүйек күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында «Жас қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков, Балқаш қаласы ЮПТ инспекторы аға лейтенантты Абенов Бақтияр Абильевич қатысуымен 7-11 сынып оқушылар арасында жиналыс өтті. Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін оқушыларға «Құқықтық ережелері» жайында ақпараттар берілді. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын айтты.
Дата: 20.09.2021, 11:20 Автор: №9 ОМ