Размер шрифта:

№9 жалпы білім беретін мектебінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 13-қыркүйек күні өткізген іс-шара ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 13-қыркүйек күні өткізген іс-шара ақпараты
Оқу − ізденіске деген құштарлық арқылы жүзеге асатын үдеріс, бір жағынан алғанда, ол үлкен мәдениеттілікті көрсетеді. Халықтың арасында кітапты көп оқитындардың барын жоққа шығаруға болмас. Мысалы, үнемі өзімен бірге кітап ала жүру, аялдамада көлік күтіп тұрғанда, қоғамдық көлікте отырғанда, тіпті көлік жүргізіп бара жатып та кей кітаптарды таспадан тыңдау – кітапқұмарлықтың нәтижесі. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Осы кітапқұмарлықты жастардың бойында қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба арқылы оқушылар күнделікті 20минут уақыттарын таңдалып алынған әдеби кітапты оқуға арнайды. Осылай өскелең жас ұрпақтың бойында кітапқа деген қызығушылықтары артып, оқушыларымыздың сөздік қоры байиды және жалпы сауаттылық деңгейі артады деген сенімдеміз.
Дата: 13.09.2021, 15:24 Автор: №9 ОМ