«Денсаулық – ел байлығы»

«Денсаулық – ел байлығы»
№9 жалпы білім беретін мектебінде денсаулық күніне арналған «Денсаулық – ел байлығы» тақырыбында іс- шаралар өткізілді. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында адам баласының денсаулығының қымбаттылығын, ,бағалы байлық екендігін түсіндіру мақсатында бастауыш сыныптары арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Денсаулық зор байлық» тақырыбында ақпараттық бұрыш жасалды. Іс-шаралардың мақсаты оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Оқушыларға салауатты өмір салты, жеке бас гигиенасын сақтау, қоршаған ортаның тазалығы туралы ақпарат берілді.
Дата: 10.09.2021, 11:45 Автор: №9 ОМ