«Абайла балақай!»

«Абайла балақай!»
Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде 08.09.2021 жылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жергілікті патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе «Абайла балақай!» тақырыбында акция өткізілді. Бұл жоба аясында мектеп оқушылары жол жүру ережелерін ғана емес, көшеде өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді де үйренеді. Ондағы мақсат – мектеп жасындағы балаларды жол-көлік апаттарынан сақтандыру. Мектебіміздің Жас жол инспекторлары Балқаш қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Ж.Е Мадиевичтың ұйымдастыруымен өткен акцияға белсене қатысты. Бұл шара балалардың қатысуымен болған жол көлік оқиғаларының себептері мен мән-жайларын зерттеу, мектепке баратын, мектептен қайтатын, балалар жиі баратын орындарда қауіпсіз қозғалыс бағыттарын әзірлей отырып балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Дата: 9.09.2021, 15:51 Автор: №9 ОМ