«Тіл-достықтың айнасы»

«Тіл-достықтың айнасы»
№9 жалпы білім беретін мектебінде 03.09.2021ж күні, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай,мектеп кітапханасында «Тіл-достықтың айнасы» атты кітапханалық сағат өтті.Мектеп кітапханашысы К.Абдуали 3Ә сынып оқушыларына тың ақпараттар беріп,қойылған көрмеге шолу жасалды. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата - баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу.
Дата: 6.09.2021, 11:42 Автор: №9 ОМ