«Тәуелсіздік жетістіктері» сынып сағат ақпараты

 «Тәуелсіздік жетістіктері» сынып сағат ақпараты
​ 1- қыркүйек білім күнінің алғашқы сабағы 2-11 сыныптарда қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбымен тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп тұрғанын, қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қазақ КСР-ы Халық әртісі кеңес және қазақ мемлекетінің музыка танушысы, композитор, дирижер ақын Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына, Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар жоспарланып отырғанын айтып өтті. Сонымен қатар, 1-11 сынып оқушыларына күнделікті оқу режимі жайында жеке бас гигиенасын қатаң ұстануға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дата: 1.09.2021, 12:39 Автор: №9 ОМ