Құрметті ата-аналар, Балқаш қаласының тұрғындары!

Құрметті ата-аналар, Балқаш қаласының тұрғындары!
Сіздерді 2021 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында өтетін «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырады. Акция мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық уақытында материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын-алу болып табылады. Сіздің көрсеткен мейірімділік шапағатыңыз бен демеулік көмегіңіздің арқасында балалар мектепке қуанышты көңілмен, ынта – жігермен, сонымен бірге осы өмірде жақсылық пен мейірімділіктің барына зор сеніммен келе алады. Мейірімділік – жүректен, басталады ниеттен! Байланыс нөмірі:8 (710-36)4-63-08 Көмек қабылдау орны: Сейфуллин көшесі 5, ЖБ№ № 9 мектебі.
Дата: 6.08.2021, 17:59 Автор: №9 ОМ