«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!»

«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!»

«Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» ұранымен мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары  орталық кітапханаға саяхат жасады. Демалыс кезінде бүлдіршіндердің бос уақыты шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектін байытуға мүмкіндік берілді. Оқушылар қалалық кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет алды. Бөлімде ұйымдастырылған  «Ертегілер әлеміне саяхат», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен танысты.Оқушыларға жаз айында оқуға қазақ, орыс, шетел жазушыларының шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, ертегі кітаптар тізімі ұсынылды.

Дата: 7.06.2021, 9:59 Автор: №9 ОМ